23 қыркүйек 2016 09:45

ОҚО-да "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі алғаш рет  ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстан облысында "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі алғаш рет  ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фестивальдің мақсаты: киноиндустрия саласын дамыту,жас буын режиссерларға шығармашылық серпін беру, олардың кәсіби деңгейін көтеру,  әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, көрермендерге ой тастау, балаларға арналған қысқаметражды фильмдер мен анимациялық туындыларды, бейнероликтерді жарыққа шығару.

Фестивальдің қазылар алқасына Республикалық "Балапан" телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызын және Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының доценті, кинотанушы, киносыншы, Өнертану ғылымының кандидаты Гүлнәр Амангелдіқызы арнайы шақыртылды.

Фестивальдің ережесіне сәйкес, 30 тапсырыс келіп түсті,  оның 23 тапсырысы ережеге сай іріктеліп алынды, оның ішінде: қысқаметражды фильмдер - 13; анимациялық фильмдер - 7; әлеуметтік роликтер - 3.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарды мына қатысушылар алды: Бас жүлде - "Қуат" қысқаметражды фильмімен режиссер Нұрбол Абсеметов, "Қысқаметражды фильмдер" аталымында І орын - "Айсұлу" қысқаметражды фильмі. Оның режиссері - Нұртазаев Дархан. ІІ орын - "Қаhарман" қысқаметражды фильмімен режиссер Мүтәлиев Хамид. ІII орын - "Мен қорқамын" қысқаметражды фильмі (режиссері Бақытжан Көшеров). "Анимациялық фильмдер" аталымында І орын - "Түлкі мен қырғауыл" анимациялық фильмі (реж: Еркінбек Дариха, Өмірқұлова Жұлдыз). ІІ орын "Асар" анимациялық фильмі. (реж: Жүнісов Береке). ІІІ орын - "Наурыз" анимациялық фильмі (реж: Бурибеков Оңласын).

Сонымен қатар, "Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін" номинациясымен - "Табиғатты аялайық" анимациялық фильмі жеңіп алды. Оның режиссері - Самат Нұралиев. "Ерекше монтаж жұмысы үшін" номинациясымен - "Жылдамдық" әлеуметтік ролигі. Режиссері - Серік Таласов. "Ерекше операторлық жұмысы үшін" номинациясымен "Жемқорлық" әлеуметтік ролигі. Режиссері - Серік Таласов. Айта кетейік, фестивальде жүлделі орындарға ие болған қысқаметражды фильмдер мен анимациялық фильмдер "Балапан" телеарнасынан көрсетіледі. Мұнымен бірге, фестивальге қатысқан фильмдер "Оңтүстікфильм" мекемесінде, балалар үйлерінде, интернаттарда 23 қыркүйектен 3 қазанға дейін көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети