27 ақпан 2015 08:28

"Оскар" жүлдесін алған актрисаның 150 мың долларға бағаланған киімі ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар" жүлдесін марапаттау рәсіміне гауһар таспен әрленген көйлек киіп келген Кения актрисасы Люпита Нионго көйлегін ұрлатып алды, - деп хабарлайды TMZ порталы. 


"Оскар" жүлдесін марапаттау рәсіміне гауһар таспен әрленген көйлек киіп келген Кения актрисасы Люпита Нионго көйлегін ұрлатып алды, - деп хабарлайды TMZ порталы. 

Ерекше көйлекті актриса 24 ақпанда Лос-Анджелестегі London West Hollywood қонақ үйінің номерінде жоғалтты. Полицейлер қылмыскерлердің бөлмеде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, номерге кіргенін айтады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеуге көшті. 

Айта кетейік, Люпита Нионгоның "Оскар" жүлдесінің қызыл кілемшесінде көрінуі шараның ерекше оқиғасына айналды. Актриса Calvin Klein сән үйі арнайы тапсырыспен тіккен киіммен таңғалдырды. Көйлекке алты мың аппақ моншақ тігілген, оның бағасы - 150 мың доллар.  

Люпита Нионго Мексикада дүниеге келді, ата-тегі кениялықтар. 2014 жылы 32 жастағы актриса Стив Маккуиннің "12 жылдық құлдық" фильмінде Пэтси есімді күңнің ролінде ойнап, екінші пландағы үздік әйел образы үшін "Оскар" сыйлығын алды.

 2014 жылдың басында People журналы Нионгоны жылдың ең әдемі әйелі деп атады. Ал 2014 жылдың желтоқсан айында актриса шоу-бизнестегі жұлдыздардың арасында дене-бітімі ең сымбатты әйел болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети