02 сәуір 2022 | 09:19

"Оскардағы" жанжал: Уилл Смит мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

"Оскар" рәсіміндегі оқиғадан кейін актер Уилл Смит америкалық кино академиясынан кетуді ұйғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Film.ru сайтына сілтеме жасап.


"Оскар" рәсіміндегі оқиғадан кейін актер Уилл Смит америкалық кино академиясынан кетуді ұйғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Film.ru сайтына сілтеме жасап.

"Мен таңғаларлық, ұят және кешірілмес әрекет жасадым. Мен ренжіткендердің тізімінде Крис, оның отбасы, достарым мен жақындарым, салтанатқа қатысқандардың бәрі және көрермен бар. Мен академияның сенімін асыра пайдаландым. Басқа жеңімпаздар мен үміткерлерді тойлау және құрмет көрсету мүмкіндігінен айырдым. Оған қатты қайрамын", - деді Уилл Смит мәлімдемесінде.

Еске салайық, жанжалды оқиға "Оскар" рәсімінде болған еді. Актер Крис Рокты әйелі Джада Пинкетт-Смит туралы әзілі үшін шапалақпен ұрды. Комик сахнада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісі туралы айтады. Ол ауруға шалдығып, бір жыл бұрын шашын алып тастаған. Кейін Уилл Смиттің өзі "Оскар" кешіндегі мінез-құлқы үшін кешірім сұраған болатын.

"Кез келген түрдегі зорлық-зомбылық улы және жойқын. Менің өткен түнде рәсімдегі мінез-құлқым ерсі және кешірілмейді", - деп жазды Смит Instagram-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети