08 қараша 2014 17:00

Ресейдiң халық әртісі Александр Потапов дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.afisha.ru www.afisha.ru

Мәскеуде Ресейдің халық әртісі Александр Потапов дүниеден озды. Театр және кино актері жасы 74-ке қараған шағында көз жұмды. 11 қарашада Потапов кіші театрдың "Филумена Мартурано" спектакілінің премьерасына қатысуы тиіс еді, - деп хабарлайды LifeNews.ru.

Потапов театр сахнасына 1962 жылы алғаш рет шыққан еді. Ол мұнда Щепкинск училищесін тәмамдаған соң келген. Әртіс көптеген рөлді сомдаған. Соңғы рет ол көрермендері алдына бірнеше күн бұрын 4 қарашада шығып, "Ревизор" спектаклінде Городничидің рөлінде ойнаған.  

Көрермендер оны театр және кино актері ретінде жақсы таниды. Ол  "Бойда тұнған махаббат", "Бейбіт қала және оның тұрғындары", "Сибириада", "Жиырма жылдан кейін бір күні", "Орысша жақсы көру", "Настя" сынды көркем фильмдерге түскен. "Бұйрық: шекараны басып өту"  фильміндегі солдатты үздік сомдағаны үшін Потапов Ресей мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети