09 қараша 2014 15:55

Ресейлік "Снежная королева-2" мультфильмі "Алтын глобус" жүлдесінен үміткер

ПОДЕЛИТЬСЯ

©www.cinemotionlab.com ©www.cinemotionlab.com

Ресейлік режиссер Алексей Цицилиннің "Снежная королева 2: Перезаморозка" анимациялық фильмі Голливуд шетел баспасөзі қауымдастығының "Алтын глобус" (Golden Globe Award) жүлдесіне ұсынылады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Ресейлік режиссер Алексей Цицилиннің "Снежная королева 2: Перезаморозка" анимациялық фильмі Голливуд шетел баспасөзі қауымдастығының "Алтын глобус" (Golden Globe Award) жүлдесіне ұсынылады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Картина "Үздік анимациялық фильм" жүлдесі үшін бәсекеге түсетін болады. Тапсырысты қазақстандық Тимур Бекмәмбетовтің Bazelevs Distribution компаниясы және Ресейдің отандық киноөндірісті экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау қорының (Фонд кино) қолдауымен Wizart Animation студиясы берген.

Ассоциацияның шетелдік кино жөніндегі комиссиясының төрағасы Сергей Рахлиннің айтуына қарағанда, бұған дейін шетелдік анимациялық фильмдер өзге де ондаған шетелдік көркем фильммен "Шетел тіліндегі үздік фильм" санаты бойынша сайысқа түсетін. Бұл әрине, үздіктер қатарынан көріну мүмкіндігін төмендететін еді. "Ал қазір шетелдік ағылшын немесе өзге тілдегі анимациялық фильмдер бір санатта сайысқа түсетін болғандықтан, шетелдік жобалардың жеңіске жету мүмкіндігі айтарлықтай өседі" - дейді Сергей Рахлин.

Жүлдеге үміткерлердің аты 11 желтоқсанда жарияланады, салтанатты марапаттау шарасы 2015 жылдың 11 қаңтарында Лос-Анджелес қаласында өтеді. Айта кетейік, "Снежная королева-2" фильмінің ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесері Лос-Анджелес қаласында 6 қарашада өтті. Ал жұртшылық назарына 2015 жылдың 1 қаңтарында ұсынылмақ.

  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети