19 желтоқсан 2014 20:44

Сабина Алтынбекова қазақстандық фильмнің басты ролінде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының лауреаты болды. ©Тұрар Қазанғапов Сабина Алтынбекова "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының лауреаты болды. ©Тұрар Қазанғапов

Сабина Алтынбекова қазақстандық фильмнің басты ролінде ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімінде белгілі болды.


Сабина Алтынбекова қазақстандық фильмнің басты ролінде ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімінде белгілі болды.

Сабина Алтынбекова "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының "Жыл жаңалығы" аталымында лауреат атанды. "Like" формасында жасалған ескерткішті оған актер Фархат Әбдірайымов сыйлады. Бұл жүлденің авторы әрі ұйымдастырушысы - қазақстандық белгілі қоғам қайраткері, "Республика-Өңір-Даму" қорының президенті Ғалым Байтоқ. 

"Кішкентай құпиямды ашайын. Біз Фархат Әбдрайымовпен бірге жаңа көркем фильмнің продюсерлік жұмыстарымен айналысып жатырмыз, оның жұмыс атауы - "Путь домой", басты ролінде Сабина Алтынбекова ойнайды. Фархат Әбдрайымов та басты рольдердің бірін сомдайды. Фильм 90-жылдары асырап алынған баланың өз отанына оралуы жайында. Мұңды оқиға хэппи-эндпен бітеді", - деді марапаттау кезінде Ғалым Байтоқ.

"Романтикалық оқиға, картинаны 2015 жылы түсіреміз. Мен Сабинаның әкесі болып ойнаймын", - деді Фархат Әбдірайымов.

 

Сабина Алтынбекова - Қытайда өзінің мультфильм кейіпкеріне ұқсас келбетімен танымал болған қазақстандық волейболшы. Сабина 17 жаста, ол волейболдан Қазақстанның жастар құрамасында ойнайды. Ол өзінің бойымен (182 см) және келбетімен Қытай жанкүйерлерінің жүрегін жаулады. Сұлу волейболшы туралы әлемнің ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Бүгінде оның Instagram-дағы аккаунтына 300 мыңнан астам оқырман тіркелген. Алтынбековаға модель бизнесінен, брендтерден ұсыныстар жиі түсіп тұрады, бірақ ол актриса не модель болудан бас тартып, білім алу мен жаттығуға ден қоятынын айтты. Ол "EXPO-2017 аруы" байқауын жариялауды ұсынды, оған кез келген қыз бала қатыса алады, ал қазылар алқасы олардың арасынан финалға 25 аруды іріктейді. Жеңімпазға халықаралық көрме кезінде Қазақстанды әлемге таныту құқығы беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети