Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Сабина келін" фильмінен келген қаражатқа жаңа фильм түсіріледі

27 Наурыз 2015, 11:10
1
Нұртас Адамбаев "Ауылдан қашу" хикаясын түсіру сәтінде. ©Kinopoisk.ru
Нұртас Адамбаев "Ауылдан қашу" хикаясын түсіру сәтінде. ©Kinopoisk.ru

"Сабина келін" фильмінен түскен қаражатқа "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" атты романтикалық жаңа комедия түсірілмекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі продюсер әрі актер Нұртас Адамбайға сілтеме жасап.

"Бұл - "Ауылдан қашу" хикаясындағы оқиғаның жалғасы, бірақ айта кетейін, бұл толықметражды фильм болады. Хикаяның соңғы маусымы 2013 жылы шыққан еді. Бұдан кейін біз "хикаяның жалғасы қашан болады?" деген көптеген сұрақтар алдық. Міне, көрерменнің өтінішін жерде қалдырмайын деп, үлкен экранға шығаруды ұйғардық. Негізгі кейіпкерлер бұрынғысынша қалады: Ербол, Сапог, Ерлан, Баклажан және Тышқан. Жігіттер бұрынғыдай көп ақша тапқысы келеді. Сондықтан олар бір қитұрқы айла ойластырады. Басқа актерлер туралы әзірше айтпаймыз. Бұл тосын сый болсын. Фильмнің бюджеті анықталмады, бірақ "Сабина келін" фильмінің қаражатынан көп болатыны анық, бірақ біз сол фильмнен түскен қаржыға түсіргелі отырмыз", - деді Нұртас Адамбай.

Осыған дейін "Сабина келін" комедиялық фильмінің бес күн ішінде прокатта 600 мың доллар ақша жинағаны хабарланған болатын. Сабина келін туралы фильмді түсіруге 300 мың доллар немесе 54,6 миллион теңге жұмсалған. "Сабина келін" комедиясы Қазақстан кинотеатрларында өткен жылдың 27 қарашасында шыққан. Оқиға аты ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбиді. Басты рөлдегі Сабина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, бесбармақ әзірлеп, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Картина авторы тақырыптың өзекті екенін және бұл фильм көптеген қызға жақсы үлгі болатынын атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай