11 қараша 2015 12:37

"Сағынтайдың бірінші әйелі" фильмі Германияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған кадр Фильмнен алынған кадр

Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Сағынтайдың бірінші әйелі" атты фильмі Коттбуста (Германия) өткен халықаралық кинофестивальде жүлделі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Сағынтайдың бірінші әйелі" атты фильмі Коттбуста (Германия) өткен халықаралық кинофестивальде жүлделі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинаға "Мәдени аралық коммуникация үшін" сыйлығы тарту етілді. Жүлде ретінде үш мың евро көлеміндегі қаржылай сыйлық табысталды. Айта кетейік, "Сағынтайдың бірінші әйелі" атты фильмнің тұсаукесері Алматыда "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Ол кезде басты рольде ойнаған актриса Альфия Сембаеваға "Ең үздік әйел ролі" сыйлығы берілді. Лентаға сонымен қатар: Елболат Әлқожа, Аяулым Ыбрайымова, Бейнұр Баймұхамбет пен Бауыржан Кәрібаев түсті.

Айта кетейік, фильмнің сюжеті шынайы өмірден алынған, картинада Сағынтай тастап кеткен бес баланың анасы туралы айтылады. Сағынтай балаларының анасын тастап кеткеннен кейін басқа әйелге үйленеді, ол - қайтыс болған ағасының әйелі. Мәселе өзінде бес қыздың болуында ғана емес, ағасында ұлдың болғандығында еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети