03 қазан 2022 16:56

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасы Jibek Joly телеарнасында қайта жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі журналист Жанар Байсемізованың "Шетелдегі қазақ балалары" атты авторлық бағдарламасы "Jibek Joly" арнасында қайта жанданды.


Белгілі журналист Жанар Байсемізованың "Шетелдегі қазақ балалары" атты авторлық бағдарламасы "Jibek Joly" арнасында қайта жанданды.

Бағдарламаның бірінші кезеңі Еуропаның бірқатар елдерінде түсірілді. Шетелдіктер асырап алған 40-қа жуық қазақ баласының тағдыры 12 бөлімнен тұратын деректі драмада өрбіген. Бағдарламада шетелге кеткен бірнеше баланың биологиялық ата-аналары мен туыстарының табылғаны да баяндалады.

"Фильм барысында Ерлан (Германияға кеткен – еск.) мен Саританы (Бельгияға кеткен - еск.) осымен үшінші рет түсірдім. Демек, жобаның арқасында бізден бала асырап алған шетелдіктер, халықаралық агенттіктер қамқорлығындағы балаларға мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, Қазақстан қоғамының тарапынан да алаңдаушылық бар екенін, ол балалардың жоқтаушысы бар екенін ұқты деп ойлаймын. Мысалы, Ерлан осы жолы барғанда неміс әкесіне әңгіме арасында "Көрдің бе, әке, біз қазақтар осындай халықпыз" деп мақтанып жатыр. Осындай сәттерде жылдар бойғы тыраштанған еңбектің босқа кетпегеніне сене түсемін", - дейді жоба авторы Жанар Байсемізова.

Автордың айтуынша, шетелдіктер асырып алған бала саны жайындағы  статистика алғашында құпия сақталып келген. Жоба эфирге шыққаннан кейін, шығармашылық топ  сол кездегі Білім және ғылым министрлігінен 1999-2012 жж арасындағы асыранған балаларға қатысты мәліметті ала алған. Сол ресми мәлімет бойынша қазақ балаларын әлемнің 30 елінен асырап алған. Ең көп асырап алған ел – АҚШ. Екінші орында Испания, үшінші орында Бельгия деп, әрі қарай кете береді. Тіпті, Оңтүстік Африкада да біздің балалар бар.

Жобаның тарихы 2009 жылдан басталды. Осыған дейін Еуропа мен АҚШ және Канада елдерінен 25 бағдарлама түсірілген. Енді 12 сериядан тұратын бағдарлама "Жібек жолы" арнасынан эфирге шығуда.

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының миссиясы - Қазақстанда жетім балалар үйлері деген түсініктің жойылуына ықпал ету, қоғамға ой салу, елімізде бала асырап алу мәдениетін қалыптастыру, ұрпақ жауапкершілігі, отбасылық құндылықтар, рухани құндылықтарды дәріптеу", - дейді Жанар Байсемізова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети