18 маусым 2014 20:10

Шығыс Қазақстанда Құнанбай туралы фильм түсіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Берік Көпбаев. ©Руслан Шакабаев Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Берік Көпбаев. ©Руслан Шакабаев

Шығыс Қазақстанда ұлы ақын Абайдың  әкесі Құнанбай Өскенбаев туралы көркем фильм түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы баспасөз отырысында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Берік Көпбаев мәлім етті. 


Шығыс Қазақстанда ұлы ақын Абайдың  әкесі Құнанбай Өскенбаев туралы көркем фильм түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы баспасөз отырысында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Берік Көпбаев мәлім етті. 

"Біржан сал" фильмін түсіру арқылы көпшілікке режиссер ретінде танылған Досқан Жолжақсынов басқаратын түсіру тобы 1 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр, фильмде декорациялық рөл атқаратын киіз үйлер тігілуде. Біздің қала түсіру алаңына 20 киіз үй апарады, ал жалпы сол жерге тігілетін киіз үйлердің саны 150. Фильмге өзіміздің әртістер түседі, әншілер де шақырылуы мүмкін. Фильм 1 қыркүйекке дейін түсіріліп бітеді деп жоспарлануда", - дейді Б.Көпбаев. 

Абайдың әкесі Құнанбай 1804 жылы атақты бидің отбасында дүниеге келген. Құнанбай ұзақ ғұмыр кешті. Ол өзінің ақыл-парасатымен, көрегендігімен саясатта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Құнанбайдың 4 әйелі болған. Ақын Абай оның Ұлжан атты екінші әйелінен туған.

Құнанбай алғашында шағын ауылды басқарса, кейіннен халықтың сайлауымен болыс болды, одан кейін Қарқаралы уездінің аға сұлтаны атанды.  Фильм түсіруді қолға алғандардың айтуынша, Құнанбайдың нақты қандай болғанын дөп басып айту қиын. Бүгінде бір топ ғалымдар мен зерттеушілер Құнанбайды зерттеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети