24 тамыз 2014 12:58

Спилберг "Ерекше пікір" фильмінен телесериал жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ерекше пікір" фильмінің кадры. "Ерекше пікір" фильмінің кадры.

Белгілі кинорежиссер Стивен Спилберг "Ерекше пікір" ("Особое мнение") ғылыми-фантастикалық фильмін телесериалға айналдырады, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Сериалдың сценарийін жаңа "Годзилланың" авторы Макс Боренштейн жазады. 


Белгілі кинорежиссер Стивен Спилберг "Ерекше пікір" ("Особое мнение") ғылыми-фантастикалық фильмін телесериалға айналдырады, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Сериалдың сценарийін жаңа "Годзилланың" авторы Макс Боренштейн жазады. 

Еске сала кетейік, "Ерекше пікір" - Спилбергтің Филипп Диктің әңгімесі бойынша түсірген фильмі, оның басты ролінде Том Круз ойнайды. Оқиға желісі бойынша, полицияның шұғыл қызметкерлері экстрасенстердің сөзіне сүйеніп, келешекте қылмыс болатынын болжайды. Полиция жасағының капитаны (Круз) болжамдардың бірінен өзін байқайды. Бұл фильм 2002 жылы режиссердің он жылдық жұмысынан соң жарыққа шығып, табысты картина атанған болатын.

Сонымен бірге, Холли Берри ойнайтын "Тысқарыда" ("За пределами") сериалы Спилбергтің кезекті фантастикалық тележұмысы болғалы отыр. Қазіргі уақытта CBS арнасында оның алғашқы маусымы аяқталып жатыр. 

"Ерекше пікір" сериалы танымалдығы жөнінен Cпилбергтің Halo ойыны туралы келесі жұмысына жақындауы мүмкін. Ойынның теленұсқасы келесі жылы жарыққа шығады. Halo ойындар сериясы кәдесыйлардан түскен табысты есептемегенде барлығы 3,5 млрд долларға сатылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети