Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Суперқаһармандар туралы ең үздік фильмдер анықталды

12 Наурыз 2015, 15:48
1
©Kinopoisk.ru
©Kinopoisk.ru

Суперқаһармандар жайлы ең үздік фильмдердің рейтингін Empire журналы оқырмандардың дауыс беруі арқылы жасады. Тізімнің бесінші орнында - "Супермен". Картина 1987 жылы шыққан болатын. Фильмде басты рольде Кристофер Рив ойнады, ал Ричард Доннер режиссерлік жұмыспен айналысты. Төртінші орында - "Кек алушылар" фильмі тұр. Картина 2012 жылы шықты, режиссері - Джосс Уидон, рольдерде Роберт Дауни-кіші, Марк Руффало, Крис Эванс және Скарлетт Йоханссон ойнады. 

"Супарқаһармандар туралы үздік фильмдер" рейтингінде алғашқы үштікті "Супермен 2" қорытындылады. Фильм 1980 жылы түсірілді. Оның режиссерлері - Ричард Лестер мен Ричард Доннер. Басты рольде Кристофер Рив ойнады. Ал "Х Адамдар 2" картинасы екінші орыннан көрінді. Брайан Сингер бұл туындыны 2003 жылы шығарды. Басты рольдерде Хью Джекман, Патрик Стюарт, Иэн Маккеллен және Холли Берри ойнады. Бірінші орынды Кристофер Ноланның "Қара рыцарь" фильмі алып отыр. Картинада Бэтменнің ролінде Кристиан Бэйл мен Джокер ролінде Хит Леджер ойнады. Соңғысы "екінші пландағы үздік ер адам ролі" үшін "Оскар" жүлдесіне ие болды. Басылымның тізіміне жалпы 30 лента кірді. Айта кетейік, Empire журналының рейтингіне прокатта аса жетістікке жете қоймаған фильмдер де бар. Мәселен, "Сақтаушылар" фильмінің бюджеті - 130 миллион доллар, ал түскен табысы - 185 миллион доллар ғана.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай