22 қаңтар 2022 | 11:12

Танымал кеңестік және латвиялық актер Арнис Лицитис қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнис Лицитис. "Билет в один конец" фильмінен кадр/kino-teatr.ru Арнис Лицитис. "Билет в один конец" фильмінен кадр/kino-teatr.ru

21 қаңтарда танымал кеңестік және латвиялық актер Арнис Лицитис 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-те оның жақын досы Зигизмундс Залманис естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Delfi сайтына сілтеме жасап. 


21 қаңтарда танымал кеңестік және латвиялық актер Арнис Лицитис 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-те оның жақын досы Зигизмундс Залманис естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Delfi сайтына сілтеме жасап. 

"Біз көрнекті актер, жақсы адам, менің досым Арнис Лицитистен айырылдық. Бір нәрсе айту қиын. Ол қазір басқа сахнада, басқа кино актерлерімен кездесуге кетті", - деп жазды Залманис.

Арнис Лицитис 1946 жылы 8 қаңтарда Ригада дүниеге келген. Мектеп тәмамдағаннан кейін Я.Витол атындағы Латвия мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде оқыған.

Үлкен экранда Лицитис 1965 жылы режиссер Аида Манасарованың "Двадцать лет спустя" фильмінде дебют жасады.

1970 жылы консерваторияны бітіргеннен кейін Лицитис Рига академиялық драма театрының сахнасында ойнай бастады. Кейін ол Валми драма театрына ауысты, онда 1981 жылға дейін қызмет етіп, содан кейін Рига жас көрермендер театрына жұмысқа орналасты.

1980 жылдары Арнистің актерлік карьерасының шыңы болды. Бұл уақытта ол үлкен сұранысқа ие еді, "батыстық" түр-әлпетінің арқасында ол экшн-фильмдер мен Ұлы Отан соғысы туралы фильмдерде рольдер алды.

Лицитис 200-ден аса фильмдер мен телехикаяларда ойнаған. Көрермендер оны "Долгая дорога в дюнах", "Мираж", "Малиновое вино", ""Страшное лето", "Одиночное плавание", "Узник замка Иф" және басқа да көптеген фильмдердегі рольдерінен біледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети