Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Татьяна Самойлова қайтыс болды

05 Мамыр 2014, 13:30
0
Татьяна Самойлова. ©РИА Новости
Татьяна Самойлова. ©РИА Новости

Кеңес киносының жұлдызы, Ресейдің халық әртісі Татьяна Самойлова өмірден өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Актриса дүниеден өтерінен бір күн бұрын 80 жасқа толған болатын.

"Өкінішке қарай, Татьяна Самойлова қайтыс болды. Онымен қоштасу күні әзірше белгісіз", - деді Кинематографистер одағының баспасөз хатшысы Дмитрий Якунин. 

Бұған дейін Самойлованың 4 мамыр - өзінің 80 жасы тойланатын күні ауруханаға түскені туралы хабар тарады. Кинематографистер одағы төрағасының бірінші орынбасары Сергей Лазарук актрисаның Боткин атындағы ауруханаға жатқызылғанын айтты. Кейбір мәліметтер бойынша халық әртісі жүрек талмасы мен гипертонияның салдарынан ауруханаға түскен.

Татьяна Самойлова Михаил Калатозовтың "Летят журавли" фильміндегі басты рөлден кейін танымал болған еді. Осы рөлі үшін Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" мен "ең сыпайы әрі әдемі актриса" ретінде қазылар алқасының "Апельсин ағашы" сыйлығын иеленді. Самойлованың тағы бір аса күрделі рөлі - Александр Зархидің Толстой романы бойынша түсірген картинасындағы әйгілі Анна Каренина образы. Ол "Неотправленное письмо", "Я - Куба", "Они шли на Восток", "Московская сага" фильмдері арқылы да кең танымал.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай