21 қыркүйек 2015 10:31

Торонто кинофестивалінде Бекмәмбетовтің фильмі жүлделі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің түсірілімінен алынған сурет Фильмнің түсірілімінен алынған сурет

Режиссер Илья Наишуллер мен продюсер Тимур Бекмәмбетовтің "Хардкор" атты фильмі Торонтода өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Режиссер Илья Наишуллер мен продюсер Тимур Бекмәмбетовтің "Хардкор" атты фильмі Торонтода өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кинолента Midnight Madness бағдарламасына қатысушылар арасында ең үздік деп танылды. "Хардкор" - толық метражды боевик. Басты рольдерде голливудтық актер Шарлто Копли мен ресейлік Данил Козловский ойнайды. Фильмге сонымен қатар: Хейли Беннет, Сергей Шнуров, Равшана Куркова, Светлана Устинова, Дарья Чаруша, Полина Филоненко мен өзге де танымал актерлер түскен.

"Хардкордың" АҚШ-тағы және шетелдегі прокатына құқықты голливудтық STX Entertainment компаниясының 10 миллион долларға алғаны белгілі. Бекмәмбетов иелік ететін Bazelevs компаниясындағылар келісімнің жасалғаны туралы деректі жоққа шығарған жоқ, бірақ ресми түрде кейін расталады.

Айта кетейік, халықаралық кинофестиваль Торонтода Канадада қыркүйектің 10-20 аралығында өтті. Ол Солтүстік Америкадағы ірі фестиваль болып есептеледі және ол "Оскар" сыйлығын алудан үміттілердің түсірген фильмдерін "жарыққа шығарушы" алаң ретінде жиі қолданылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети