17 қыркүйек 2015 09:51

Торонто кинофестивалінде Ермек Тұрсыновтың фильмінің әлемдік премьерасы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жат" фильмінің кадры "Жат" фильмінің кадры

Торонтодағы 40-шы халықаралық кинофестивальде режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Торонтодағы 40-шы халықаралық кинофестивальде режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Драманың көрсетілімі Contemporary world cinema бағдарламасының аясында өтті. Сонымен қатар, Variety, Hollywood reporter, Le Screen, Screen today сияқты ірі киножурналдар қазақстандық картинаға рецензия жариялап, ал кейбірі тіпті "Жат" лентасының постерін мұқабасына шығарды. 

"Жат" фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған. Картина оқиғасы өмірде болған. Ол 1930 жылдары тауға кетіп, сонда өмір сүруге қалып қойған ер адамның оқиғасын баяндайды. Таяуда картина Қазақстаннан "Оскар" сыйлығына ұсынылды.  

Торонто фестивалінің бағдарламасына 60 елден 300-ден аса фильмді қатыстыруға өтініш берілген. Фестивальдің ашылуында режиссер Жан-Марк Валленің "Ойран" ("Разрушение") драмасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Джонни Депптің атышулы "Черная месса" фильмінің премьерасы болды.

Торонтодағы халықаралық кинофестиваль (TIFF) - әлемнің ең беделді фестивальдерінің бірі, ол Канадада 1976 жылдан бері өтіп келеді. Өзге киноалаңдардан ерекшелігі - Торонтода ресми қазылар алқасының болмауында және басты жүлденің "Көрермендер көзайымы" екендігі. Бұл жүлде көрермендердің дауыс беруі арқылы беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети