"Убить Билла" фильмін түсіру барысында Ума Турман кабриолетпен жол апатына ұшыраған. Лентаның продюсерлерімен 15 жыл соттасып жүріп, актриса видеоны жариялауға рұқсат алды. Ол кадрға кірмеген видеоны The New York Times газетінің сайтында жариялады.

Турманның айтуынша, ол көп уақыт бойы көлік тізгініне отырудан бас тартқан; оның ойынша көлікте ақау болған және каскадердың түсуін талап еткен. Алайда фильмнің режиссері Квентин Тарантино көліктің сақадай сай екенін және оны жүргізу қауіпсіз деп сендірген. Ол Турманнан жылдамдықты сағатына 65 шақырымға дейін үдетуді сұраған, себебі режиссер актрисаның шашы бір қалыпты желбірегенін қалаған.
"Алайда бұл дөңгелегі бар табыт болып шықты. Орындық дұрыс түсірілмеген. Жол да тегіс емес", - деді Турман. Видеода Турманның ағашқа соғылғаны және Тарантиноның видео соңында жақындап, денсаулығының дұрыс-бұрыстығын сұрап жатқаны түсірілген. Актриса көптеген жарақатпен ауруханаға түскен.
Көп уақыт бойы Miramax Турманға жол апатының видеосын беруден бас тартқан. Видео тек компанияның құрылтайшысы әрі продюсер Харви Вайнштейнге қатысты даудан кейін алынған.