Қазақ тілін тек қана дүнгендер емес барлық Қазақ елінде тұратын өзге ұлт өкілдеріне үйрету қажет және үйренуді заң аясында конституцияға бекіту қажет, азаматтық тек қана қазақша білетін азаматтарға ғана берілсін.
Бек Эйрдің басқарма төрағасының есі дұрыс емес ғой деймін. Кішкентай балаға күлкілі естіледі үлкенге тұрмақ. Масқара деген осы ғой. Ұят (((((((((. Бірінші заборды соқты, сол үшін заборды сотқа беру керек мүмкін?))))))
Тәулсіздік күніне мән берген дұрыс, жылда жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойып жатыр, Алматы қаласында 16-желтоқсан күні қарадым әдейі, ешқандай мереке атрибутикасын таппадым, керісінше жаңа жылдың белгілерін көп көрдім, мемлекеттік деңгейде жаңа жылды тойлауды тоқтату қажет, 1-қаңтарды жұмыс күні ретінде жасау керек. Біздің басты мерекеміз Егемендік пен Наурыз мейрамы және Конституция күні. Тағы өз ойым 16-желтоқсанды 25-қазанға ауыстыру қажет өйткені Желтоқсан оқиғасын ұмытпауымыз қажет өйткені қазақ елі үшін ол қаралы күн болып есептеледі, әлі соған барамыз. Заман бір орында тұрмайды.
Митингіге рұқсат алыптыма екен? Неге айтпайды? Немесе билік үшін рұқсаттың қажеті жоқпа? Қазір мен шығайыншы солардың қасына плакат ұстап, бірден қолыңды қайырып алып кететіні сөзсіз. Не деген әділетсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз? Модератор жіберші