Үй берілсе де, қанша дүние-мүлік берілсе де адам жаны қайтарылмайды. Орны толмас өкінішті қаза. Даулы үйдің өзі өте қымбат тұрады, ондай үйді алу үшін бұл мамандар өмір бойы жұмыс істесе ақшалары жетпейтін шығар. Ашуға бой алдырып, айналасындағыларға оқ жаудырған адам өзіне лайықты жазасын алуы керек!
Заңымыз қанша солқылдақ болса да, банк қанша жерден әдәлетсіз шешім қабылдаса да сот орындаушысына оқ атуға құқылы емес. Бес баласы жетім болып қалды. Олардың тағдырын кім ойлайжы сонда? Өлтірген адамды аямай жазалау керек!
Әттең, әттең! Жазықсыз адамдардың жазым болғаны-ай! Өзі пәтер жалдап тұрып жүрген екен. Инсульт алған әйелі мен екі баласы қалды артында... Үйдің бұрынғы иесі шарасыздықтан істегенін жазып жатқандарды түсінбеймін, жазықсыз жандар неге жазым болуы керек?! Ол заң алдында жазасын алсын!
Ешкім ешкімнің жанын алуға құқылы емес. Банк пен сот әділетсіздікке жол берген, оны қанша мойындамаса да солай! Дегенмен үйден айырылып қалған адам ашуға бой алдырып, оқ жаудырмауы керек еді. Үйді сатып алып, екі жыл күткен адамды да өлтірді, енді өзі де жазаланады. Қаншама ойрандалған тағдыр!