№1 балалар үйінің бұрынғы директоры мен Алматы әкімдігінің шенеунігі ақша жымқырды деген күдікке ілінді

05 Тамыз 2017, 12:42
0
№1 балалар үйінің бұрынғы директоры мен Алматы әкімдігінің шенеунігі ақша жымқырды деген күдікке ілінді -

Алматыда №1 балалар үйіндегі ақша жымқыру дерегіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы №2 Бостандық аудандық сотында судья Елена Кванның төрелігімен өтіп жатыр.

Сот алдына №1 балалар үйінің бұрынғы директоры Гүлмаржан Шунаева мен Алматы қалалық Білім басқармасы қамқорлық бөлімінің бас маманы Сәуле Мұхақожаева келді.

56 жастағы Гүлмаржан Шунаева ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айыпталып отыр: 189-баптың 3-бөлігі 2-тармағы - "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"; 370-баптың 4-бөлігі - "Қызметтегi әрекетсiздiк"; 369-баптың 2-бөлігі - "Қызметтiк жалғандық жасау", 434-баптың 1-бөлігі - "Қылмыс туралы хабарламау".

Ал 42 жастағы Сәуле Мұхақожаева ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") айыпталып отыр.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Шунаева тағылған айыптарды мойындамалы. Ал Мұхақожаева кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

Сотталушыға кепілге алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың шілдесінде Алматыда зорланғанын айтқан тәрбиеленушінің оқиғасынан кейін №1 балалар үйінің басшысы ауысқан болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай