Алматыда ақша айырбастау орнының бұрынғы иесі тұрғындардың бір миллион долларын ұрлап кеткен. 43 жастағы күдікті жұртты түлкібұлаңға салып, валюта айырбасы кезінде ақшаларын еселеп беремін деп, барлығын тақырға отырғызған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Әзірге Түрксіб ауданы ішкі істер басқарамасына 4 жәбірленушінің арызданғаны анықталды.
Полицейлер "алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін" дейді. Алаяқтық жолмен қап қаражатқа кенелген күдікті шетел асып үлгерген. Бірақ тәртіп сақшылары оны көп ұзамай қолға түсірді. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.