10 жасар қыздың өліміне кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жасар қыздың өліміне кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды ©dtpshka.org.ua

Астанада 10 жасар қыз баланың өліміне себеп болған жол-апатына кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Айта кетейік, мамырдың 15-сі күні таңғы сағат 8-дің шамасында Желтоқсан мен Абай көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болды. "Газель" маркалы инкассаторлық көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына қарамай, жолды кесіп өтпекші болған. Алайда Toyota RAV 4 көлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан оқиға орнында 10 жасар қыз қайтыс болды. Ол көліктің артқы жағында отырған. Ал Toyota RAV 4 көлігінің рөлінде оның анасы болды. Артынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері инкассатор көлігін жүргізген азаматтың мас болғанын анықтады.  

"Сот санкциясымен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді баспасөз қызметінің мамандары. Инкассатор көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +34
Ақтау +30
Ақтөбе +23
Атырау +25
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +33
П
Павлодар +28
Петропавл +35
С
Семей +39
Т
Талдықорған +41
Тараз +45
Түркістан +19
О
Орал +33
Ө
Өскемен +43
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер