13 жасар қызды зорлағаны үшін 10 жылға сотталды

25 Ақпан 2014, 13:54
0
13 жасар қызды зорлағаны үшін 10 жылға сотталды - ©РИА Новости
©РИА Новости
Қостанай облысының тұрғыны 13 жасар қызды зорлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады Алау ақпараттық порталы. 22 жастағы айыпталушы енді өзінің жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сот органының мәліметінше, бұл қылмыс 2013 жылдың 11-қыркүйегінде болған. Айыпталушы ішімдікке сылқия тойып алып, өзінің таныс ауылдасына барған. Ол қыз тұратын үйге терезе арқылы кірген. Бұл кеште жәбірленуші үйде жалғыз болған. Қылмыскер 13 жасар қызға бас салып, оны зорлаған, "кәмелетке толмаған қыздың денесіне физикалық тұрғыдан зиян келтіріп, моральдық тұрғыдан азап шектіріп, сонымен бірге қыздың денесін жарақаттаған".

Бұдан бөлек, сотталушы үйден 13 келі қант пен кір жуғыш ұнтағын ұрлаған. "Осылайша ол жәбірленушіге жалпы үш мың теңге соммасында материалдық шығын келтірген". Қылмыскердің үстінен "Бөтеннің тұрғын-жайына қол сұғу","Кәмелетке толмағанды зорлау", "Ұрлық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өзіне тағылған барлық айыптарды мойындады. 13 жасар қызды зорлауға қатысты шыққан үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай