05 мамыр 2023 09:13

15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына мемлекетаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Қазақстан полициясы күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген.

"Күдіктінің тұрған жерін анықтау туралы ақпарат іздеу жариялаған тарапқа жіберілді. Істің барлық мән-жайы анықталғанша, анықталған адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы - келу міндеттемесі таңдалды", - деп толықтырды ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети