17 жастағы қызды күйеуі намазды дұрыс оқымағаны үшін ұрып өлтірген болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

17 жастағы Ақырыс Қозыбайдың ауыр соққылар алып, артынша қайтыс болғаны туралы мәліметтер таяуда Желіде пайда болған еді. Ал кейін қызды 21 жастағы күйеуінің ұрып өлтіргені белгілі болды. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

17 жастағы Ақырыс Қозыбайдың ауыр соққылар алып, артынша қайтыс болғаны туралы мәліметтер таяуда Желіде пайда болған еді. Ал кейін қызды 21 жастағы күйеуінің ұрып өлтіргені белгілі болды. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.

Олардың отасқанына екі аптаға ғана болған екен. Ерлі-зайыптылар 1 сәуірде үйленген. 

17 жастағы Ақырыс Қозыбай 13 сәуірде, кеше жер қойнына тапсырылды. Ал ер адам 12 жылға сотталуы мүмкін.

Ал осыған дейін Маңғыстау тұрғындарының бірі қайтыс болған қыздың Жармыш ауылының тумасы екенін және Ақтау қаласында әпкесінің үйінде тұрғанын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қайғылы оқиға алдында ер адам қызбен ұрысып қалып, кейін Сайын Шапағатов ауылындағы бір туысының үйіне кетіп қалған. Ол жақта қыз туған күн тойлауға шыққан. Ақырысты бір жігіт сол жерден алып қашып, соққының астына алған. Ауруханаға түскен 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмған.

"Әзірше біз ештеңе білмейміз, тек Ақырысты намазды дұрыс оқымағаны үшін күйеуінің ұрғанын білеміз. Басқа мән-жайды білмейміз. Тергеу аяқталған соң ғана жауабын аламыз. Ер адам лайықты жазасын алады деп сенеміз", - дейді Ақырыстың достары.

Маңғыстау облыстық ІІД қыздың зорлық белгілерінен қайтыс болғанын растап берді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"9 сәуірде шамамен 23:00-де 1996 жылғы жігіт 1999 жылғы кәмелет жасына толмаған қызға күш қолданып, соққының астына алған. Қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі.

Осы дерекке қатысты Маңғыстау облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer