16 наурыз 2022 17:59

25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік әйел Қазақстанда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: gorvesti.ru Иллюстрациялық фото: gorvesti.ru

Қазақстанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 9-18 наурыз аралығында "Іздеу" және "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталған, оның ішінде 10-ы ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеуінде.

"10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің Криминалдық полиция басқармасы мен "Қарағанды-Сортировочная" станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген және 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген", - деді Бекиев.

Ұсталған азамат Челябі облысы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ("Адам өлтіру") мемлекетаралық іздеуде болған. Оған қатысты экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети