26 ақпан 2014 | 17:05

333 миллион теңгенің алтыны мемлекет кірісіне тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото devolto.ru сайтынан Фото devolto.ru сайтынан

Түркиядан алтын бұйымдарының ірі көлемін Астанаға тасымалдаған "кәсіпкерге" қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. Айта кетейік, экономикалық контрабанда бойынша Қ.Әлімовке қатысты қылмыстық іс осыдан екі жыл бұрын қозғалған болатын. 2012 жылы ол "Стамбул-Астана" әуе рейсімен жалпы соммасы 333,4 млн. теңгені құрайтын алтын бұйымдарының 15 786 түрін Қазақстанға алып өтпекші болған. Алтынның салмағы - 42,9 келі. "Сот шешіміне сәйкес, Әлімов Қ.О. ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабы, 2-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды. 2014 жылы ақпанның 26-сы күні Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері тәркіленген 333,4 миллион теңгенің алтын бұйымдарын мемлекет кірісіне жіберу үшін сот орындаушыларға тапсырды", - делінген ресми хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети