11 ақпан 2021 13:34

47 жастағы ер адам WhatsApp-та порно-видеолар таратқаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде порнография материалдарын таратқаны үшін сотталды. Ол бір жылға бас бостандығын шектелді және жүз сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде порнография материалдарын таратқаны үшін сотталды. Ол бір жылға бас бостандығын шектелді және жүз сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

47 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс Успен аудандық сотында қаралды.

"Сотталушы ҚР ҚК-нің 311-бабы "Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылау орнатып, 100 сағат мәжбүрлі еңбек пен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - деп хабарлады Успен аудандық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Іс сотқа прокурор мен сотталушы арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісіммен түскен.  

"Сот 2020 жылдың желтоқсанында сотталушы екі ауыл тұрғынына қатысты әшкерелейтін материалдарға ие бола отырып, WhatsApp мессенджеріндегі топқа порнографиялық сипаттағы бейнематериал таратқанын анықтады", - делінген хабарламада. 

Сотта ер адам ауылдастарының видеосын "Купи-Продай" деген топқа салып жібергенін, сөйтіп порноматериал ауыптаушыға жеткені хабарланды.

"Бұл аса ауыр емес қылмысқа жатады. Ер адамның іс-әрекетіне шын жүректен өкінуі жазаны жеңілдетуге себеп болды", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, сот үкімі заңды күшіне енбегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети