29 маусым 2021 12:29

Павлодар облысының тұрғыны WhatsApp-та порно-видеолар таратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Павлодар облысында 56 жастағы ер адам WhatsApp мессенджерінде интим видео таратты деген күдікке ілінді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында 56 жастағы ер адам WhatsApp мессенджерінде интим видео таратты деген күдікке ілінді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері WhatsApp-тағы топта порнографиялық видеолар тарағанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автордың кім екені анықталды. Ол 56 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты", - деді Павлодар облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің басшысы Қайыргелді Жақыпов.

Павлодар облысы департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Интернеттен интим видео таратқан. "Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 311-бабы "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді Жақыпов.

Айта кетейік, бұл баптың санкциясы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не мүлкі тәркіленіп я онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде порнография материалдарын таратқаны үшін сотталды. Ол бір жылға бас бостандығын шектелді және жүз сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети