02 наурыз 2023 15:25

700 миллион теңгеден аса шығын: Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты MMM Investment Eden life7 қаржы пирамидасының ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты MMM Investment Eden life7 қаржы пирамидасының ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, 2020 жылдың қарашасынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстандағы MMK Investment және Eden Life7 қаржы пирамидасын Т. және С. басқарған.

"Олар WhatsApp және Telegram арқылы инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылып жатқаны туралы жалған ақпарат таратып, әлеуетті инвесторларды компанияға қаражат салуға үгіттеп отырған. Жиналған қаражат көлемі 718 миллион теңге 691 мың доллардан асады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор айыпталушыларды сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылар кінәларын мойындамады, адвокаттары соттан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

"Сотталушылар Т. және С-ның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, экономикалық сараптама және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сотталушы Т-ға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ал сотталушы С-ның жасы (65 жас) мен денсаулық жағдайы ескеріліп, бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сотталғандар жеті жыл мерзімге қаржы ұйымдарында және азаматтардан қаражат тартатын компанияларда басшы қызметін атқару құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети