18 мамыр 2021 12:44

"8 жасынан бері зорлаған". Анасы қылмысты жасырды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы облысында жергілікті тұрғынды немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыптады. Оған қоса қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей Андреев Facebook-те жантүршігерлік оқиғаның егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жергілікті тұрғынды немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыптады. Оған қоса қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей Андреев Facebook-те жантүршігерлік оқиғаның егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқиға Қарасай ауданында болған. Зардап шеккен 15 жастағы қыз, ата-анасы ажырасқаннан кейін алдымен әкесімен, кейін анасымен бірге тұрады.

"Бәрі қайғылы әңгімедегідей басталады: қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Бірақ олардың екі баласы бар - ұл мен қыз. Анасына балалары аса қажет болмағаннан ба, олар біраз уақыт әкесімен Астанада тұрған (қазіргі Нұр-Сұлтан - авт.ескерт.). Бірақ кейін балалар Алматыға анасына көшіп келеді. Әйелдің туыстарының айтуынша, ол әскери бөлімде қызмет етеді. Сол үшін қаладағы тұрғын үйді жалға алу және балалары үшін қандай да бір өтемақы беріледі. Балаларын сол үшін алдырған. Дегенмен әйел азаматтық некеде тұрады.

Соңғы уақытта қыз туыстарының үйіне қонуды шығарған. Бірақ ол анасына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Туыстары себебін білуге тырысқан. Қыздың айтуынша, анасы ішімдік ішкен кезде оны Шамалған қаласына әпкесінің үйіне жібереді. Онда оны әпкесінің ұлы үнемі зорлайды екен. Яғни, немере ағасы. Бұл жағдай сегіз жасында басталған", - деді ол.

Қыздың айтуынша, соңғы рет туысқан ағасы оны 2021 жылдың 21 наурызында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Басылым авторы қыздың қазір тұрып жатқан туыстары дереу полицияға арыз жазғанын айтты. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтаннан қыздың әкесі де келген.

Андрей Андреев ішкі істер министріне, полиция департаментінің бастығына және Алматы облысының прокурорына, сондай-ақ балалар құқықтары жөніндегі уәкілге және Қорғаныс министрлігіне үндеу жолдады.

"Ерлан Тұрғымбаев, айтыңызшы, қылмыскерлерді жауапкершіліктен босатуға тырыспай, адамдар құқығын қорғайтын қызметкерлерді қашан жұмысқа аласыз? Серік Күдебаевқа жеке өтініш: істі жеке бақылауыңызға алыңыз. Азамат Жылқабаев, тергеушіге қатысты тексеру жүргізуіңізді сұраймыз. Егер ол заң нормаларын бұзса, онда оны басқаларға зиян тигізбеу үшін ең қатаң жазаға тарту керек. Аружан Саин, өтінемін, істі әділ тергеуде қызды анасынан қорғаңыз. Әскерилерге сұрақ: бюджет ақшасын кімге және не үшін бөлетіндеріңізді тексерсеңіз?",- деді ол.

Кейін өңірдің бас полицейі Серік Күдебаев Андрей Андреевтің үндеуіне жауап берді.

"Қарасай аудандық полиция басқармасына қыздың әпкесі әкесі жағынан арыз түсірді. Ол 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жиеніне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі туралы мәлімдеді. Күдікті - анасының туысы. Бұл факт бойынша ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші бірқатар сот сараптамаларын тағайындады. Сондай-ақ, тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы қылмыстық процеске қатысушылардың барлық дәлелі тексеріледі. Куәгерлер анықталып жатыр. Іс бойынша тағайындалған сот сараптамалары мен тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым", - деді Алматы облысы ПД бастығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети