9-қабаттан құлаған - СІМ Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

9-қабаттан құлаған - СІМ Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі туралы Фото:instagram.com/assel_ayt

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тбилисидегі 26 жастағы Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тбилисидегі 26 жастағы Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Грузияның құқық қорғау органдарының біздің елшілікке берген ақпараты бойынша, 2021 жылы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы үйлердің біріндегі терезе маңынан Қазақстан азаматшасының мәйіті табылды", - деп хабарлады СІМ өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз 9-қабаттан құлап, қаза тапқан. Грузия полициясы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу күдігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

"Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің консулы марқұмның отбасымен тұрақты байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматшасының мәйітін Отанына жеткізуді ұйымдастыруға барынша көмек көрсетеді", - деді СІМ өкілдері.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети