Cақташ Хасеновке қатысты сот үкімі шықты

29 Маусым 2017, 17:40
1
Cақташ Хасеновке қатысты сот үкімі шықты -

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жемқорлықпен айналысты деп айыпталған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы шенеунік аса ірі көлемде - 36 миллион 140 мың 910 теңге көлемінде пара алды деп айыпталған болатын. Шенеунікпен қоса сот алдына осыған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен Елена Решетько келді. Ол лауазымды тұлғаға пара алуға көмектескені үшін айыпталған болатын. ҚР АШМ бұрынғы қызметкері кінәсін толықтай мойындады.

Сақташ Хасенов соттың шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленетін болды. Ал Елена Решетько 4 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.

Осыған дейін Сақташ Хасенов соңғы сөзін айтқан болатын. "Мен істеген ісіме қатты өкінемін. Егде жастағы анама уайым болдым. Сізден менің айтқан сөздерімді ескеріп, қасиетті Рамазан айында адамгершілік, кешірімділік танытып, маған қатысты бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданбауыңызды сұраймын", - деген еді Сақташ Хасенов.

Еске салайық, Сақташ Хасенов 2016 жылдың 4 қарашасында бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деген еді Антикоррупция қызметі.

Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай