Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

A-parking ақылы автотұрақтарының бұрынғы директорларын қамауда ұстау мерзімі ұзарды 19 қыркүйек 2022, 12:54

Сот "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен AlanParking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Сот "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен AlanParking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Марат Пірінбековті қамауда ұстау мерзімін 15 қазанға дейін алты айға ұзартты.

Бұған дейін 22 тамызда дәл осы сот Alan Parking-тің бұрынғы басшысы Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін 6 айға дейін 2022 жылдың 26 ​​қыркүйегіне дейін ұзарту туралы шешім шығарған болатын.

Еске салайық, Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Алматыда A-Parking басшылығы қандай күдікке ілінді?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram