19 сәуір 2017 09:09

Әблязовтің қалай ақша жымқырғаны сотта егжей-тегжейлі жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты іс бойынша кезекті сот отырысында БТА банкінен офшор компаниялары арқылы қаражат жымқыруға байланысты бірнеше эпизод қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты іс бойынша кезекті сот отырысында БТА банкінен офшор компаниялары арқылы қаражат жымқыруға байланысты бірнеше эпизод қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыптаушы тараптың нұсқасына қарағанда, заңсыз махинациялар бір сценарий бойынша жүзеге асырылған. Офшор компаниялар БТА банкінен миллиондаған кредит алуға өтініш білдірген. Компаниялар кредиттің мақсаты ретінде бұл қаражат Мәскеу түбінде жер сатып алуға қажет екенін көрсеткен. Ал өз кезегінде банкте қажетті сараптамалар жүргізілместен кредит беруге мақұлдау туралы шешім шығарылып отырған. Мәскеу түбінде сатып алынады делінген жерлер осы кредиттің кепілдігі ретінде тіркелген. Ал нәтижесінде бұл жерлер сатылып, жәбірленуші тарап - БТА банк қыруар қаражатты жоғалтқан. Нақтырақ айтқанда мұндай кредитті Rimos Limited, Winterra Holding, Toros Limited, Starwood Contract Limited, Netgold Servises Limited, Highbond Associates Limited және тағы да басқа компаниялар алған. 

Осы аталған компаниялардың барлығы Сейшел аралдарында тіркелген. Toros LTD алған кредит сомасы - 145 миллион доллар. Бұл кредит ішінара жабылған, алайда БТА банкіне берешек сома бүгінде - 96 миллион 197 мың доллар. 

"2006 жылдың 7 желтоқсанында Toros LTD Jennifer Rene компаниясының директоры "Банк Тұран Әлем" АҚ-дан 144 миллион АҚШ доллары сомасында қаржыландыруға өтініш берген. (...) 2008 жылдың 29 сәуірінде қарызды Rockway Holding Starwood компаниясының атына ауыстыруға келісімшарт жасалған. Нәтижесінде 2012 жылы бұл келісімшарт жарамсыз деп танылды", - деді жәбірленуші тараптың өкілі Талғат Амантай. 

Сондай-ақ, жәбірленуші тараптың өкілі іс қарауындағы барлық компанияның Лондонның Жоғарғы сотының бұйрығымен Мұхтар Әблязовтің активі деп танылған. Айта кетейік, лондондық сот қорытынды бенефициары Әблязов болып танылған шамамен осындай 1000 компанияны анықтаған. 

Офшор компанияларға кредит берумен айналысқан №6 корпоратив бизнес басқармасына жетекшілік еткен Садықов осы қарастырылып отырған эпизодтар бойынша тағылған айыптармен келіспеді. Ал кредит беру туралы барлық құжатта қолы қойылған тағы бір сотталушы Жарымбетов кінәсін мойындап отыр. 

"Жер учаскелерін сатып алу - Әблязовтің бөлек бір жобасы. Ол барлығын бекітті. Ол осы жобаның акционері әрі алушысы болды", - деп мәлімдеді Жарымбетов. 

Мұхтар Әблязовтің қылмыстық ісінде 160-тан аса эпизод бар, осының барлығы 2 мың томнан асады. Осыған дейінгі сот отырыстарында БТА банкінің экс-басшысы басқарған "Астана-Холдинг" компаниясының қызметкері өзін Әблязовтің сыбайластары шекарадан асырып әкетуге әрекеттенгенін мәлімдеген.

Тағы бір сот тыңдауында есепті банктің қаражаттарына "БТА Банкінің" экс-басшысы Мұхтар Әблязовтің жеке әуепарк сатып алғаны хабарланған. Банкте кепілдік ретінде "люкс" санатындағы бірнеше ұшақ болған, бұл ұшақтар бірнеше жыл бойы бұрынғы басшылық пен олардың туыстарын тасымалдаған делінеді. Ал бұл ұшақтарды күтуге 2008 жылы банк ай сайын 100 миллион теңгеден аса (675 мың доллар) қаражат жұмсап отырыпты. 

Айта кетейік, Әблязовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ, оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап отыр. Сотталушы ретінде БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері қарастырылып отыр. Олар - басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, кредиттеу бойынша директор Қайрат Садықов. Мәмеш пен Садықов сотта өз кінәсін ішінара мойындаса, Жарымбетов толықтай мойындап отыр. 

Еске салайық, Әблязов қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті, БТА банкінің қаражатын жымқырды және оларды заңдастырды, банк қаражатын заңсыз қолданды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети