Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Агенттіктің экс-басшысына қинау әдісі қолданылып жатыр - қоғамдық қорғаушы

22 Қыркүйек 2014, 12:41
0
Мұрат Оспанов. ©pm kz
Мұрат Оспанов. ©pm kz

Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың туған бауыры, әрі қоғамдық қорғаушысы Баян тұтқындалған азаматқа қатысты қинау әдістері қолданылып жатқанын айтып, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа шағымданды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Менің бауырым үш ай бойы тергеуде отыр, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оның пара алып жатқан кезде ұсталғаны хабарланды. Қаржы полициясы бар күшін салып, оның кінәсін дәлелдеуге тырысып жатыр, болып жатқан жағдайларға қарағанда, олар өз мақсатына жетуде ешнәрседен тайынбайды", - делінген қорғаушының өтінішінде.

"Жуырда менің бауырыма ол ұсталғаннан кейін екінші күні агенттік ғимаратында жасырын камерамен түсірілген бейнежазба ұсынылды, онда менің ағам өз-өзіне ұқсамайды. Бейнежазбадан оның оң қолының таңылғаны көрініп тұр, ол қолына қасық ұстай алмайды. Оның иығында біреудің күртесі бар, ол мұны қайдан алғанын білмейді. Оның ұсталған кезде киген киімі (пиджак пен көйлек) жыртылған, әрі қан, бейнежазба туралы айтқан ағам бұл туралы тергеушіге хабарлады. Оның киімі жоғалған, ол үш күн отырған уақытша ұстау изоляторында да жоқ", - дейді ол.

Қоғамдық қорғаушының айтуынша, ұстау хаттамасына сәйкес, 2014 жылдың 1 шілдесінде ол агенттік ғимаратына ешқандай жарақатсыз, сап-сау келген, уақытша ұстау изоляторына сондай күйде қамалды. "Оның үстінде қара түсті іскерлік костюм, ашық көгілдір түсті көйлек, галстук, қара туфли, белдік, қолсағат болды", - дейді Оспанова.

Ол Мұрат Оспановтың ұсталғаннан кейін екінші тәуліктің соңына қарай ғана тамақтандырылғанын айтты. "Баяндалған жайттардың негізінде азаптау әдісін қолданып, заңсыз жауап алу дерегі бойынша шұғыл шара қолдануды сұраймын", - делінген Бас прокуратураға жазылған өтініште.

Бұған дейін тұтқындалушының адвокаты Хамида Айтқалиева тергеу барысында өз қорғауындағы азаматтың соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын. Қаржы полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қаржы полициясының мәліметінше, Оспанов қашып кетуге әрекеттенген, бұл әрекетінің жолы кесілді. Олардың айтуынша, ТМРА-ның бұрынғы басшысы қарсылық көрсеткен, соның нәтижесінде жерге құлаған Оспанов пен қаржы полициясының қызметкері дене жарақаттарын алды.

Сот Мұрат Оспановты тұтқындауға 2014 жылдың 3 шілдесінде санкция берген болатын. Қаржы полициясы оған табиғи монополия субъектісіне жәрдем беру және қорған болу үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тақты. Ол уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына қамалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай