Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.
"Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады", -делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!