Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ақтау мешітінен ақша ұрланған сәт видеоға түсірілді

10 Маусым 2015, 15:41
0
© tumba.kz
© tumba.kz

Ақтау мешітіне ұры түсіп, 60 мың теңге қолды болды, - деп хабарлайды Тumba.kz

Порталдың мәліметінше, мешітке ұрлыққа түскен күдіктіні полицейлер ұстап үлгерді. Маңғыстау облыстың ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, қаланың 26 ықшамауданында орналасқан мешітке белгісіз ер адам кешкілік уақытта барған. Мешітке кіріп-шығудың еш қиындық тудырмайтынын және мешіт қызметкерлері мен мешітке барушылардың оған көңіл аудармайтынын пайдаланған ол гардеробқа кіріп, сырт киімдердің қалтасын ақтарған.

"Күдікті гардеробта ілулі тұрған сырт киімдердің қалтасын тінтіп, телефон мен әмиянды қолды қылған. Әмиянда 60 000 теңге болыпты. Алайда мешіттің ішінде бейнебақылау камералары орнатылған, ұрлықшының барлық әрекеті сол камераға түсіп қалды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, мешітке рухани құндылық емес, ақша іздеп кірген ұрының 1997 жылғы азамат екені анықталды. Тергеу барысында оның бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Оған қатысты деректің барлығы бірыңғай сотқа дейінгі реестрге ҚР ҚК 188-бабы бойынша тіркелді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай