03 шілде 2021 10:00

Ақтауда 200 үлескер сот ғимараты маңындағы жолды жауып тастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2 шілдеде Ақтауда 200-ге жуық үлескер қалалық сот ғимараты маңындағы жолды жауып тастады. Олар екі жылдан бері пәтер ала алмай отырғанын айтып, істі сотта қарауды талап етті, - деп хабарлайды "Astana" телеарнасы.


2 шілдеде Ақтауда 200-ге жуық үлескер қалалық сот ғимараты маңындағы жолды жауып тастады. Олар екі жылдан бері пәтер ала алмай отырғанын айтып, істі сотта қарауды талап етті, - деп хабарлайды "Astana" телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, "Гаухар Тас" тұрғын үй кешені екі жыл бұрын пайдалануға берілуі керек болаған. Бірақ бір пәтерді бірнеше адамға сатқан құрылысшы қашып кеткен. Кейін ол ұсталып, қазір тергеу изоляторында қамауда отыр. Ал 200-ге жуық үлескер құрылысы аяқталмаған үйге қоныстана алмайды. Тұрғындардың айтуынша, нысан басқа құрылыс компаниясына берілмеген. Өйткені мүлік бұрынғы иесіне тиесілі. Құжаттарды беру үшін сот шешімі қажет.

"Біз қылмыстық сотты күте алмаймыз, өйткені ол бірнеше жылға созылады. Бізде ондай мүмкіндік жоқ. Көбі пәтерін сатып, соңғы ақшасын берген. Мүгедектер, жалғызбасты аналар қазір жалдамалы пәтерде жүр. Жарты жылдан аса уақыт сотқа дайындық жүріп жатыр. Барлық құжат пен үлескерлер тізімі сотқа ұсынылды", - деп шағымданды Ақтау тұрғыны Ұлмекен Кенжебаева.

Азаматтық талап сотқа биыл сәуірде ғана түскен.

"Сот отырысы 2021 жылдың 15 шілдесіне белгіленді. Бұл іс бойынша қарау мерзімі аяқталған жоқ. Сот бұл істі қарау уақытын созды деген айыптау негізсіз. Өйткені процесс тағайындалып, іс заңмен белгіленген мерзімде қаралады. Іс бойынша процессуалдық мерзімдер бұзылмаған", - деп түсіндірді Ақтау № 2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов.

Қылмыстық іс осы айда сотқа беріледі. Полиция мәліметі бойынша, құрылысшы "Алаяқтық" бабы бойынша қамауға алынған. Ол мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети