15 желтоқсан 2020 19:08

Ақтауда каратэ бапкері оқушы қызды зорлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 желтоқсанда Маңғыстау облысының соты кәмелетке толмаған оқушыны зорлады деп айыпталған каратэ жаттықтырушысына қатысты үкім шығарды. Айыпталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Лада".


8 желтоқсанда Маңғыстау облысының соты кәмелетке толмаған оқушыны зорлады деп айыпталған каратэ жаттықтырушысына қатысты үкім шығарды. Айыпталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Лада".

Сотта анықталғандай, жасөспірімдерге арналған каратэ-до бапкері болған айыпталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, оның сеніміне кіріп, жаттықтырушы ретінде оған эмоционалды әсер ететінін түсініп, кәмелет жасқа толмаған қыздың еркіне қарсы бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен.

Сот барысында прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілдері прокурормен келіскен. Қорғаушы тарап айыпталушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық болмауына байланысты оны ақтауды сұрады. Бапкер өз кінәсін мойындамады.

"Сотта қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын жағдай - қорғансыз немесе дәрменсіз адамға қарсы қылмыс жасауы. Істің нақты мән-жайын ескере отырып, сот үкім шығарды, азамат С. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-1-бөлімі 1, 2-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы педагогикалық, бапкер қызмет ету құқығынан айырылды", - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, айыпталушыны 8 мамырда қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети