09 тамыз 2017 22:09

Ақтауда таңғы серуенге шыққан қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сергей Кораблев © Сергей Кораблев

Ақтау тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға сенбіде, яғни 5 тамызда болған.


Ақтау тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға сенбіде, яғни 5 тамызда болған.

5А ықшамауданында орналасқан аттракцион паркінің қызметкерлері қыздың таңертең жүгіріп жүргенін айтып берді. Ол құлақап киген. "Оны ер адам артынан жүрді. Кейін қызды ес-түссіз күйде кездейсоқ адамдар тауып алған", - деді парк қызметкерлері. 

Маңғыстау облысында ұсталған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Ақтау қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети