19 қыркүйек 2015 13:31

Ақтаудағы ТЖ-ға байланысты соталды тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтауда жаттығу кезінде болған төтенше жағдайдан әскери қызметшілердің қайтыс болуына байланысты соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда жаттығу кезінде болған төтенше жағдайдан әскери қызметшілердің қайтыс болуына байланысты соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрлігінің 25744 әскери бөлімінің төрт мерзімді әскери қызметкерінің қаза болуына байланысты 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі - "ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бойынша" сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен тергеу-жедел тобының құрылғаны хабарланып отыр. Аталған төтенше оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу бақылауға алынған.

"Қылмыстық істі тергеудің жүрісі мен оның нәтижесі туралы жұртшылыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша хабарланатын болады", - делінген таралған хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 18 қыркүйек күні Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындау барысында алты БТР-80 техникасы мен 52 әскери қызметші теңізге шыққан.

"Теңізден шамамен 150 метр өткеннен кейін қатты жел мен жоғары толқын салдарынан төрт БТР-80 суға батып кетті. Екі техника өз күшімен жағалауға шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға батып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына жағдайдың себебін толық анықтау үшін жедел арнайы топ құрып, оқиға орнына баруды тапсырды. Төтенше жағдай ҚР Қорғаныс министрінің тікелей бақылауына алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети