20 шілде 2023 09:32

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерін өлтірген ер адамның бастапқы жазасы 4 жылға ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: КТК кадры Фото: КТК кадры

Ақтөбеде 46 жастағы әкімдік қызметкерін өлтірген адамға үкім шықты. 19 шілдеде атышулы іс апелляциялық сотта қаралды. Марқұм әйелдің туыстары қылмыскердің 11 жыл жаза алғанынан наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбеде 46 жастағы әкімдік қызметкерін өлтірген адамға үкім шықты. 19 шілдеде атышулы іс апелляциялық сотта қаралды. Марқұм әйелдің туыстары қылмыскердің 11 жыл жаза алғанынан наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм әйелдің туысы Серік Қадырбаев ер адам әйелді ерекше қатыгездікпен өлтіргенін және одан да ауыр жазаға лайық екенін айтады.

"Ол дәрменсіз күйде болған. Қыс мезгілі. Сол күні қатты суық болды. Ол киімсіз болды. Пышақты ұстамақ болған, содан екі қолы да кесілген. Оның сол кезде кәмелетке толмаған екі баласы бар. Осындай жарадан кейін желкесін кесудің қажеті қанша еді?! Мәні неде? Және оны жүксалғышқа салудың не керегі бар еді? Ол екі күн жүксалғышта болған", - деп есіне алады Серік Қадырбаев.

Судьялар алқасы қылмыстың ерекше қатыгездікпен жасалғанын мойындады. 19 шілдеде апелляциялық сот сотталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, бастапқы жазаны 4 жылға ұлғайтты.

Ол соңғы сөзінде (парақтан оқып берген) үш баласы мен мүгедек әкесінің барын ескеруді сұраған.

"Мені жасаған күнәм үшін кешіруді сұраймын. Отбасынан тағы да кешірім сұраймын. Кінәмді толық түсінемін. Шын жүректен өкінемін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети