10 қазан 2019 17:29

Ақтөбе облысында шенеунік парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚТЖ "ҰК" АҚ Ақтөбе бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының басшысына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


"ҚТЖ "ҰК" АҚ Ақтөбе бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының басшысына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол азаматтан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті ұсталып, Ақтөбе қалалық ПБ-ның УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторына) қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети