Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтөбеде иттер талап тастаған баланың өліміне қатысты іс жабылды 18 тамыз 2022, 09:04

Биыл маусымда ит талап тастаған 12 жастағы ақтөбелік баланың өліміне ешкім жауап бермейді. Полицейлер тергеуді аяқтап, бұл оқыс оқиға деген
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрация: Тengrinews Иллюстрация: Тengrinews

Биыл маусымда ит талап тастаған 12 жастағы ақтөбелік баланың өліміне ешкім жауап бермейді. Полицейлер тергеуді аяқтап, бұл оқыс оқиға деген қорытындыға келген. Іс жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, қайғылы оқиға 9 маусымда Есет батыр тұрғын үй алабында болған. 12 жастағы Мадияр Шәкірат құрылыс алаңында өлі табылған. Иттер баланы талап тастаған.

Полиция бұл істі екі ай бойы тергегенімен, баланың өліміне кінәлілер анықталмаған.

"Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өліміне ит қапқаны себеп болғаны анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды", - деді Ақтөбе облыстық ДП департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram