13 қаңтар 2021 08:18

Ақтөбеде кафе маңында ер адамды пышақтаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: smi44.ru Көрнекі сурет: smi44.ru

Ақтөбеде кафе маңында төбелес болып, 37 жастағы ер адам пышақталған. Бұл туралы  "Диапазон" Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде кафе маңында төбелес болып, 37 жастағы ер адам пышақталған. Бұл туралы  "Диапазон" Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қаңтарда шамамен сағат 02.25-те полицияға Краснощекова көшесіндегі "Самовар" кафесінің қасында пышақталған ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

"Криминал полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адамдар отырыстан кейін далада төбелескені анықталды. Олардың біреуі екіншісіне пышақ салған", - деп жазады басылым.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Бұдан бөлек кафе әкімшілігі карантинге байланысты шектеу шараларын бұзған. Бұл туралы материалдар Қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне шешім шығару үшін жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети