09 желтоқсан 2016 19:45

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша екі адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша екі адам қамауға алынды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша екі адам қамауға алынды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылдың 9 желтоқсанында Ақтөбенің №2 сотына Ақтөбедегі арнайы операция кезінде ұсталған В.К. Батыров және Н.С. Қазкенов атты азаматтарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түсті. Соталды тергеу органы В.К. Батыров және Н.С. Қазкеновке қатысты "Мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау және мұнайды заңдылығын дәлелдейтін құжатсыз өңдеу" және "Қылмыстық ұйым құру, басқару және оған мүше болу" бойынша қылмыстық істеріне күдікті. 2016 жылдың 9 қарашасындағы сот шешімі арқылы өтініш орындалды. В.К. Батыров және Н.С. Қазкенов 2 мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, 7 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің ұлттық бюросы мен Ішкі істер министрлігімен біріге отырып, Ақтөбе облысы және елдің тағы бір қатар аймағында мұнайды ұрлаумен, мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз айналымға енгізумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтардың ісін тоқтату бойынша кең көлемді арнайы операция жүргізген. Жедел-іздеу шаралары барысында мұнай ұрлауға қатысты бірнеше тұрлға ұсталып, мұнай мен мұнай өнімдері құйылған автоцестерналар тәркіленді.

Сонымен бірге, радикалды салафизмды ұстанушы ұылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды. Олар мұнай ұрлаумен айналысқандарға "қылмыстық" қамқоршылық көрсетіп отырған. Қазіргі кезде олардың тұрғылықты орындары бойынша және ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысуы мүмкін кәсіпорындарда тінту жүргізіліп жатыр. 

Кейін Ақтөбе мен Алматыдағы ұстау операциясымен ұатар қылмыстық топтың сыбайластарын ұстау операциясы да жүргізіп жатқаны хабарланды. "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының басшысы Еркін Ізбасармен бірге құқық қорғау органдары оның жүргізушісі мен оққағарын бірге үстады. Арнайы қызмет Ізбасар Ақтөбе облысында мұнай ұрлауды ұйымдастырушылардың бірі деп есептейді. Іс материалдары бойынша, ол "қара алтынды" ұрлаудың күрделі жүйесін құрған. Ал оған бұл істе радикалды сәләфизм ұстанушылары жәрдемдесіп отырған.

8 желтоқсанда Ерлан Ізбасар Ақтөбеге сұрау алу үшін жеткізілгені хабарланған болатын. Арбаға таңылған 50 жастағы қылмыстық әлемнің беделдісі өз көмекшілерімен бірге арнайы рейспен жеткізілді. Барлығын бірден сұрау алуға алып кетті. Кейін, Еркін Ізбасар ұсталар алдында биылғы жылдың Конфедерация Кубогында бой көрсеткені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети