26 шілде 2019 09:58

Ақтөбеде полиция ауыр қылмыс жасады деген ер адамды іздестіріп жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Қанат Закировқа іздеу жариялады. Оған 22 шілдеде Заречный-1 ауылында (Магаджан орман шаруашылығы) кешкі сағат алты шамасында Е. есімді адамды пышақтап кетті деген күдік ілінді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 

Департаменттің ақпаратына қарағанда, күдіктінің жасы 40-42 шамасында, арықша келген, бойы 170-175 сантиметр, шашы қара. Үстінде сұр түсті тенниска, қара трико және қара кроссовка болған. Ерекше белгісі: оң аяғы ақсайды. 

Ол туралы қандай да бір ақпарат алсаңыз, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы №4 ҚПБ кезекші бөліміне немесе (8-7132) 99-69-25, 102 және 72-98-00 (Ақтөбе ПБ ЖБО және ПД ҚПБ іздеу бөлімі) телефондарына хабар беру қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети