13 ақпан 2020 09:13

Ақтөбеде туысы екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыз қылмысты дәлелдей алмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде туысы екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыз сотта қылмысты дәлелдей алмай жатыр, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".


Ақтөбеде туысы екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыз сотта қылмысты дәлелдей алмай жатыр, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, судья оқиғаның қай күндері болғанын нақтылауды талап етіп отыр. Алайда мүгедек қыздың туыстары мен адвокаты мұның мүмкін емес екенін айтады.

"Зорлық көрген қыз туысының қылмысты ата-анасы жоқ кезде жасағанын айтады. Оның айтуынша, ол әкесі Алматыға кетіп қалған кезде зорлық жасаған", - дейді мүгедек қыздың адвокаты Бауыржан Иманов.

Әзірге облыстық сот прокуратураның өтінішін қанағаттандырған жоқ. Тергеу жұмыстары әрі қарай жүріп жатыр. Енді тергеушілер қылмыстың нақты қай күндері жасалғанын анықтауы керек. 

Еске салайық, мұның алдында Ақтөбеде мүгедек қызды туысы екі жыл бойы зорлап келгені хабарланған болатын.

"Бізге жәбірленушінің туыстары жүгінді, олар бастан кешірген қайғы-қасіретімен бөлісті. 1966 жылғы ер адам, туысы, сол үйге келіп, мүгедек қызды қарау бойынша қызмет көрсетіп тұратын болған. Оған емдік массаж жасап тұратын. Ешкім де олай болатынын ойлай да алмаған. Қыз бала сал ауруынан бөлек, естімейді және сөйлей де алмайды, - деп жазған еді қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети