31 қазан 2022 15:17

Ақтөбедегі екі адамның өлімі: түнгі клуб директоры ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қос кісі өлтіру оқиғасы болған түнгі клуб директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде қос кісі өлтіру оқиғасы болған түнгі клуб директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, аталған дерекке қатысты қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталды. Олар сот қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 13 адам ұсталды. Олардың арасында түнгі клубтың директоры да бар. Ол "аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны, сондай-ақ дер кезінде медициналық көмек көрсету шараларын қолданбағаны үшін" ұсталды. Ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, лицензияның күшін жою және клубты жабу туралы сотқа шағымданатын болады.

Қылмыстық істі тергеу аясында Полиция департаменті барлық ойын-сауық мекемелерінде азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети